Сәтбаев Университетінің жетістіктері

IQAA рейтингісі (2019–2020) бойынша Қазақстандағы № 1 техникалық жоғары оқу орны

  • НАОКО агенттігінің  институционалдық реаккредитациясын 7 жылға алған (2021) қазақстандық алғашқы ЖОО.
  • МС ИСО 9001:2015 сапа менеджменті жүйесінің «Русский Регистр – Евразия» (2020) сәйкестік сертификаты бар.
  • Университет жүйелі түрде жарыққа шығарып отыратын «Минералды шикізатты кешенді қолдану» ғылыми журналы Web of Science Core Collection (Clarivate Analytics; 2020 ж. бастап) платформасындағы Emerging Sources Citation Index мәліметтер базасына енгізілген.

 

Рейтингілері:

2021

  • Times Higher Education World University Ranking by subject рейтингісінің Engineering and Technology көрсеткіші бойынша әлемдік ЖОО-ның Топ-1000-на кірді.
  • Times Higher Education World University Ranking рейтингінің Industry Income көрсеткіші бойынша әлемде 458-орынды иеленді.
  • Times Higher Education рейтингінің Physical sciences пәндік саласы бойынша 601–800-орындарды алды;
  • Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің рейтингі бойынша техникалық университеттер арасында 1-орынды иеленді;
  • QS World University Ranking халықаралық рейтингінде 501-510 орынды еншіледі.

2020

  • QS World University Ranking рейтингі бойынша әлемдік техникалық ЖОО арасында 541–550-орындарды иеленді.
  • Мұнай индустриясындағы QS WUR by Subject рейтингі бойынша 101–150-орындарды алды.
  • EECA QS University Rankings рейтингі бойынша 69-орында.
  • Webometrics рейтингі бойынша әлемде 3783-орында, ал Қазақстанда 4-орында;
  • Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің рейтингі бойынша техникалық университеттер арасында 1-орынды иеленді.

2019

  • IQAA рейтингі бойынша «Эксперттердің жоғары бағалауы жағынан үздігі», «Жұмыс берушілердің жоғары бағалауы жағынан үздігі»;
  • Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің рейтингі бойынша техникалық университеттер арасында 1-орынды иеленді.

 

Марапаттары:

2020

  • Евразия патенттік ұйымының «Өнертабысқа және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников атындағы алтын медалі.
  •  «Қазақстан Республикасының техникалық университеттері арасында соңғы 3 жылдағы Web of Science Core Collection квартилдерінің Q1 және Q2 журналдарындағы жарияланымдар саны жағынан көшбасшы» номинациясы бойынша «Ғылым үздігі – Web of Science Award» атанды.

2019

  • «Ғылыми жарияланымдарының саны жағынан көшбасшы» номинациясы бойынша «Web of Science Awards – Ғылым үздігі».
  • «High Performance Award» номинациясында «Scopus Award» атанды.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту