Сәтбаев Университетінің ұжымдық құрылымы

Сәтбаев Университеті (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) – қазіргі заманғы ғылыми-білім беру кластері болып табылады, оның құрамына жаратылыстану-техникалық бағыттағы 10 білім беру және 6 ғылыми-зерттеу институттары; 5 ғылыми зертхана және Fablab өндірістік зертханасы кіреді.

Университет құрамында барлық бағыттар бойынша 10 институт жұмыс істейді:

Жоғары оқу орнының ұжымдық құрылымы:

Организационная структура вуз

Директорлар кеңесі

Университетті басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына және ЖОО Жарғысына сәйкес бір адамдық басқару және алқалық принциптер бойынша жүзеге асырылады.

Университетті басқарудың жоғары формасы Директорлар кеңесі болып табылады, ол университетті Ғылыми кеңес, Ғылыми-зерттеу кеңесі және Басқарма арқылы басқарады. Басқарма төрағасы – Ректор университеттің қызметін тікелей басқарады.

Халықаралық корпоративті басқару стандарттарына сәйкес Директорлар кеңесі жанынан Стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақы және аудит жөніндегі комитеттер құрылған.

 

Ғылым және инновациялар жөніндегі Провост пен Проректор

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі академиялық дайындық, қашықтықтан оқыту, сондай-ақ біліктілікті арттыру жөнінде өндіріспен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау мәселелерін ректордан кейінгі екінші маңызды лауазымды тұлға, Басқарма төрағасының орынбасары – яғни Провост шешеді. Университеттің барлық құрылымдарының ғылыми-зерттеу қызметінің мәселелерін Кеңес мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі Проректор шешеді. Университеттің ректоры мен проректорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.

 

Академиялық кеңес

Университеттің білім беру, оқу және оқу-әдістемелік қызметін басқаратын алқалы басқару органы. Кеңес университеттегі академиялық процестер саласының саясатын анықтайды және оны жүзеге асырады, білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының мазмұнын қадағалап, шешімдер қабылдайды, оқу пәндерінің бағдарламаларын бекітеді, мемлекеттік қорытынды емтихандарының бағдарламаларын үйлестіреді және т.б.

 

Ғылыми-зерттеу кеңесі

Университеттің ғылыми-зерттеулік қызметі аясында жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жетекшілік ететін және құрылымдарының өзара әрекеттесу процестерін үйлестіретін алқалы басқару органы. Құрам университеттің лауазымды тұлғаларынан, құрылымдық бөлімшелер басшыларынан құрылады.

Сапа саласындағы саясат

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту