Этика, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сәтбаев Университетінде (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) оқытудың негізгі принципі – академиялық адалдық. 2018 жылдан бастап Сәтбаев Университеті білім беру сапасын арттыру, плагиатқа қарсы іс-қимыл және жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының Академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылады.

Академиялық адалдық принципін жүзеге асыру студенттердің жазбаша жұмыстарының орындалуын, емтихандарға жауаптарын, сондай-ақ олардың білімдерін дұрыс бағалауды  бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осы үрдістерді реттеу үшін университетте «Академиялық адалдық ережелері» қабылданған, онда академиялық адалдықтың бұзылу түрлері және егер де ондай жағдайлар орын алса, дұрыс шаралар қабылдау тәртібі анықталған.

Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде Сәтбаев Университетінде қызметкерлер мен басқа да тұлғалар өндірістік мәселелерді шешуде және кадрлық құрамды қалыптастыруда адалдық пен объективтілік қағидаттары шеңберінде жұмыс істей алатын жағдайлар қарастырылған, басшылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін үнемі қадағалап отырады және сыбайлас жемқорлықтың ықтимал фактілері туралы хабар берген адамдарды кез келген қысым түрінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ ішкі актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу Қағидалары Қ 029-06-01.3.01-2021

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамына аттестация өткізу және конкурстық негізде қызметке орналасу Қағидалары Қ 029.06-10.3.01-2019

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту