Қашықтықтан оқыту

Сәтбаев Университеті – қашықтықтан білім беру саласында Қазақстан Республикасындағы университеттер арасындағы көшбасшы болып табылады. Қазіргі уақытта Сәтбаев Университеті Polytechonline қашықтан білім беру платформасының көмегі арқылы 10 000-нан астам студентке білім беріп отыр.

PolytechOnline платформасының базасында 1500-ден астам көп тілді видеокурстар мен 18 500-ден астам бейнефайлдар бар, студенттер оған тәулік бойы қол жеткізе алады және көру саны шектемейді. Шындығында, Polytechonline платформасында оқыту күндізгі оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі, бірақ виртуалды сыныптарда интерактивті интерфейс арқылы жүзеге асырылады.

Оқу үшін негізгі ресурстармен университеттің Ғылыми кітапханасы ЭБС «IPRbooks» онлайн-платформасы арқылы қамтамасыз етеді, ол Polytechonline-мен біріктірілген, әрі 20000-нан астам кітаптар мен ғылыми журналдардың 6000-нан астам шығарылымын қамтиды. Ғылыми кітапхананың сайтында EBSCO Discovery Service жүйесінің іздеу терезесі арқылы мәліметтер базасының жазылымына қол жетімділік қамтамасыз етілген, олар: OnePetro, Academic Search Premier, Business Source Premier, Applied Science & Technology Source, ERIC, GreenFILE, Health Source: Consumer Edition, Library Information Science and Technology Source, MasterFILE Premier, MEDLINE, Newspaper Source.

Рolytechonline ресурстары университеттің барлық сыртқы жүйелерімен және Microsoft 365 платформасымен біріктірілген. Бірыңғай интеграцияланған платформа 1 терабайт жеке деректік бұлт кеңістігін, киберқауіпсіздікті және аккаунттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

Студенттердің жұмысы ыңғайлы болу үшін, Polytechonline сайтының басты бетінде порталмен жұмыс жасауды үйрету бойынша бейнероликтер орналастырылған. Техникалық ақаулар бойынша өтінімдер Polytechоnline платформасының техникалық мамандары қызмет көрсететін ido-help@satbayev.university ресми электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

2020 жылғы Академиялық саясаттағы өзгерістер Оқу-әдістемелік кеңесінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №5 протоколы

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ кредиттік оқыту технологиясы (бакалавриат) туралы Қағида Е 029-03-18.1.10-2019

2020-2021 оқу жылына арналған Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау Қағидалары Қ-029-03-05.01.1-2020

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту