Ғылыми қызметі
Сәтбаев Университеті заманауи зерттеу университеті ретінде өзінің ғылыми жұмысында ғылым мен өндірісті дамытудың ұлттық және әлемдік басымдықтарына, Қазақстан экономикасының басты салалары үшін, атап айтқанда, тау-кен металлургия, мұнай-газ секторлары, химия және химиялық технология, биотехнология, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, IT-технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдары мен сәулет саласы үшін ғылыми-техникалық инновацияларды дамытуға бағытталған.
Университет құрамында дамыған ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдар жұмыс істейді, атап айтқанда:
Science & Technology Solutions акционерлік қоғамы
«Сандық техника және технологиялар институты»,
«Физика-техникалық институт»,
«У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты»,
«К.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты»,
«Металлургия және байыту институты»,
«Атом өнеркәсібінің Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы «МЕНОЦАП».
Сәтбаев Университетінің ғылыми хабын дамытудың басты бағыты – бизнестің жедел ғылыми және коммерциялық салаларына инвестиция салу. Ал жоғары білікті профессорлы-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасында ғылым мен инновациялық технологияларды дамытудың басым бағыттарын нығайта отырып, білім мен ғылымның өзара тығыз байланысын қамтамасыз етеді.
Сәтбаев Университетінің ғылыми қызметкерлеріне ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының берілуі және университеттің «Өнертабысқа және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников атындағы алтын медальмен марапатталуы – университеттің ғылыми-зерттеу қызметін мойындау болып табылады.